2026 жылғы 23 тамызда өтетін ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысушыларды оқыту
Сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің өзге де қатысушыларын каскадты оқыту іс-шаралары аясында Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшыларымен «ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлау кезеңдері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында азаматтарды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету, сайлау күніне арналған шақыру қағаздарын тарату, сайлаушылар тізімімен жұмыс жүргізу, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының сенім білдірілген адамдармен және байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктері жеке талқыланды. Құқықтық сипаттағы жағдайлар мен дауыс беру учаскелерінде туындауы мүмкін төтенше оқиғаларға қатысты кейстік жағдайларды талқылау және тәжірибелік қарастыру форматында сайлау комиссияларының мүшелері мен ішкі істер органдарының өкілдері үшін бірлескен оқыту ұйымдастырылды. Семинар-кеңеске Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Дархан Мұхан, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Амангелді Құрақбай және Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Устюгова қатысты. Іс-шараның модераторы Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ернар Смағұлов болды.
Ернар Смагулов.