Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілген өзгерістер туралы
Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдедегі №11 шешімімен сайлау комиссияларын қалыптастыратын орган Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін бос орындарға төмендегі комиссия мүшелері тағайындалғанын хабарлайды:
1.Бірімбетова Гүлбақыт Ізтөлеуқызы – №48 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес комиссия мүшесі міндетінен босатылған Бақанова Құралай Бейсенқызының орнына;
2.Бекова Жанар Бейсенбайқызы – №60 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес комиссия мүшесі міндетінен босатылған Шоманова Камшат Науқанбекқызының орнына.
Сәтбаев қаласының аумақтық
сайлау комиссиясы