«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қарағанды облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 8 қарашадағы №31/02;
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қарашадағы №31/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы № 69/01.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев