Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

    Қарағанды облысының әкімдігі

    Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

    ҚАЗІР ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН АЛЫП, 23 ТАМЫЗДА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

    Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен шығару куәлігін алуға құқығыңыз бар. Осылайша, 23 тамызда болатын жеріңіз бойынша дауыс бере аласыз.
    Орталық сайлау комиссиясы еске салады:
    Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға құқығы бар. Ол үшін жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну жеткілікті.
    Есептен шығару куәлігі 7 тамыздан бастап 22 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін беріледі.
    Есептен шығару куәлігін жеке өзіңіз, сондай-ақ сенімхат бойынша өкіл арқылы алуға болады. Сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді.
    Сайлаушы болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

    Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.
    Маңызды! Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
    Назар аударыңыз: бір елді мекен шегінде басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайлаушылар тізімдерінде өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарағанды облысының сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар сайлаушылар үшін жағдай жасау

    Қарағанды сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз жөніндегі жұмыс тобының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 2 хаттамасының шешімін орындау мақсатында облыстың әрбір өңірінде үкіметтік...

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлауды тағайындау туралы

    Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясыныңХАБАРЛАМАСЫ Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 8-1) тармағына, 113-1-бабының сәйке...

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру күні сайлау учаскесінде болуға кімдер құқылы?

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сен 18 жасқа толсаң, дауыс беруге құқылысың

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау алдындағы жөнсіз үгіт

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамдық пікірге сауал салуды кімдер жүргізе алады?

    Қарағанды облысының әкімдігіЖарияланды: