Қарағанды сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз жөніндегі жұмыс тобының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 2 хаттамасының шешімін орындау мақсатында облыстың әрбір өңірінде үкіметтік емес ұйымдар мен мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топтар ұйымдастырылды.
Мониторингтік топтардың құрамына қатысуда: Қарағанды облысы АСК жанындағы МБА жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, "Qamqor plus" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нияз Аделович Сундиталиев, Балқаш қаласында "Балқаш мүгедектер қоғамы" ҚБ төрайымы К. Жапибаева, Саран қаласында "Қазақ соқырлар қоғамы" Саран филиалының хатшысы Г. Жинова, Теміртау қаласында "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қарағанды филиалының басшысы В. Гарифуллина, Шахтинск қаласында "СОЮЗ - 2018" ҚБ төрағасы Д. Васецкий, "Абай ауданының "Жардем" мүгедектердің ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л. Хлыстова, "Бұқар Жырау ауданының мүгедектер қоғамы" ҚБ төрайымы В. Шестакова, Қарқаралы ауданында "Qaiyrymdy ister birlestigi-Qarqaraly-2018" қоғамдық бірлестігінің басшысы Қалым Әбду, Нұра ауданында "Нұра сенім" ҚБ директоры Б. Бекееев, Осакаров ауданы әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ф. Мухамедкали.
Мониторингтік топтар 2026 жылғы 3 тамыздан бастап Қарағанды облысы азаматтарының тіркелген жері бойынша 604 сайлау учаскесіне шықты. Мониторинг қорытындылары өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.





