Әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері базалық зейнетақыға құқығы бар ма?

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

    №

    Часто задаваемый вопрос

    Краткий ответ

    Полный ответ

    Ссылка на НПА (наименование НПА, ссылка на НПА из интернета)

    Ключевые слова и хэштеги

    1

    Әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері базалық зейнетақыға құқығы бар ма?

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке 2016 жылы және кейін шыққан адамдарға базалық зейнетақы берілмейді.

    Сонымен бірге, базалық зейнетақы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне тағайындалған төлемдер одан әрі төленуде.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 205 бабына сәйкес Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:

    1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;

    2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттілігі тоқтатылған, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте еңбек сіңірген жылдары кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарды, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған адамдарға беріледі.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

    2

    Менің еңбек кітапшамда жұмыстан босатылу кезінде мөр қойылмаған, 1991 жыл мен 1992 жыл аралығында мектепте жұмыс істедім, осы жұмыс кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде есепке алына ма?

    Еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың не соттың шешiмi негізінде белгіленеді.

    Осыған орай, Сізге жұмысыңыз туралы растайтын анықтаманы алу үшін тікелей мектепке (мектеп бар болған жағдайда) немесе мектептің орналасуы бойынша архивке жүгінуге кеңес береміз.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 209 бабына сәйкес еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

    3

    Мен екінші топ мүгедегі болып табыламын, мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын, менің жәрдемақымнан ақша ұстап қалуға құқығы бар ма?

    Жәрдемақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 174 бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.

    Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

    Жүктеу
    a47e2c5dc35a36832c1f68f581172baa_original.28192.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қажеттілігінің 80,6%-ы орындалды

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардың техникалық қосалқы оңалту құралдары мен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жалпы қажеттілігі 574 097 іс-шараны құрайды. Оның ішінде 462 280 іс-шара орында...

    Статистика

    2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық - әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат С

    Мүгедектігі бар адамдардың саны 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) жалпы саны 760,6 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде ересек тұрғындар – 637,5 м...

    Статистика

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру

    Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2026 жылғы қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызмет...

    Статистика

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді: Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; Мемлекеттік базалық зейнетақы төл...

    Ақпарат

    Құрылыс объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді растау мәселесі бойынша

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Аталған Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласы...

    Статистика

    2026 жылғы 31 тамыздағы Лицензиялау және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету басқармасының ақпараты

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау туралы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметті...

    Есеп

    01.09.2026 жылғы «Е-собес» АЦЖ базасы бойынша оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз ету бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын орындау туралы мәліметтер

    НҚА

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы