2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық - әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат С

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

    Мүгедектігі бар адамдардың саны

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) жалпы саны 760,6 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде ересек тұрғындар – 637,5 мың адам, балалар – 124,0 мың адам.

    Ересек тұрғындар құрылымында:

    • I топ – 88 486 адам;

    • II топ – 269 638 адам;

    • III топ – 279 366 адам.

    Мүгедектігі бар адамдардың жас құрылымында еңбекке қабілетті жастағы адамдар басым: 534,7 мың адам немесе 70,2% (2026 жылғы 1 қаңтарда – 413,7 мың адам немесе 55,0%).

    Зейнеткерлік жастағы адамдар – 225,9 мың адам (29,8%).

    Балалар арасында:

    • 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала – 36 904 адам;

    • I топтағы мүгедектігі бар бала – 11 774 адам;

    • II топтағы мүгедектігі бар бала – 33 410 адам;

    • III топтағы мүгедектігі бар бала – 41 948 адам.

    Алғашқы мүгедектік деңгейі

    Есепті кезеңде республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 11,6-ны (11,3) құрады, яғни 0,3 пунктке өсті.

    Анықтама: Алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда мүгедектіктің алғаш рет белгілену жиілігін сипаттайды және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып, деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

    2026 жылдың 8 айында алғаш рет мүгедектігі бар адам деп танылғандардың саны – 38 481 адам (37 620 адам), оның ішінде ересектер арасында – 27 509 адам (27 317 адам), 18 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 956 адам (10 303 адам).

    Бұл ретте 2,3%-ға өсу байқалады.

    Ересек тұрғындар арасындағы алғашқы мүгедектіктің ауру түрлері бойынша құрылымы

    Талданып отырған кезеңде ересек тұрғындар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында бірінші орынды қатерлі ісіктер иеленді – 30% (27,4%).

    Екінші орында – қанайналым жүйесінің аурулары – 25,3% (26,1%).

    Үшінші орында – барлық локализациядағы жарақаттар – 6,9% (7,8%).

    18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымы

    18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында:

    • бірінші орында – психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік – 42,1% (32,6%). 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік жағдайларының 37,4%-ға күрт өскені байқалады (4 615 балаға қарсы 3 360 бала);

    • екінші орында – туа біткен ақаулар – 17,5% (22,4%);

    • үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары – 14,6% (17,3%).

    Қайта куәландыру нәтижелері

    Есепті кезеңде барлығы 81,5 мың адам қайта куәландырылды, оның ішінде 66,3 мың адам мүгедектігі бар адам деп танылды.

    Қайта куәландыру көрсеткіштерінің динамикасы

    1. Барлық санаттар бойынша толық оңалту көрсеткіші:
      7 933 адам – 6,7% (8 141 адам – 7,0%).

    2. Барлық тұрғындар бойынша ішінара оңалту:
      7 148 адам – 13,4% (7 065 адам – 14,3%).

    3. Мүгедектік дәрежесінің ауырлауымен қайта куәландырылғандар:
      6 083 адам – 5,9% (6 148 адам – 6,0%).

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қажеттілігінің 80,6%-ы орындалды

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардың техникалық қосалқы оңалту құралдары мен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жалпы қажеттілігі 574 097 іс-шараны құрайды. Оның ішінде 462 280 іс-шара орында...

    Статистика

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру

    Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2026 жылғы қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызмет...

    Статистика

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді: Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; Мемлекеттік базалық зейнетақы төл...

    Ақпарат

    Құрылыс объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді растау мәселесі бойынша

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Аталған Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласы...

    Статистика

    2026 жылғы 31 тамыздағы Лицензиялау және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету басқармасының ақпараты

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау туралы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметті...

    Есеп

    01.09.2026 жылғы «Е-собес» АЦЖ базасы бойынша оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз ету бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын орындау туралы мәліметтер

    НҚА

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы

    Статистика

    2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі талдамалық ақпарат

    2026 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 368 мың іс-шара немесе қажетті (496 мың) санының 74,4%-ы іске асырылды. Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құр...