Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сандықтау ауданының мәслихаты

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8685-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    7-тармақтың 5),7) тармақшасы алынып тасталсын;

    10-тармақтың 2) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:

    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    10-тармақтың 4) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

    «4) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

    Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    10-тармақтың 7) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

    «7) 1 қазан - Қарттар күніне:

    ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    10-тармақтың 8) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

    «8) Қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

    барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) кірістерді есепке алмағанда:

    өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

    дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

    денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6 және 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    2) кірістерді ескере отырып, жылына 1 рет:

    жанбасынашаққандағыорташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сандықтау аудандық

    мәслихатының төрайымы Г. Мұстафина

    Жүктеу
    10ee16a8b18c987335420654f03f385e_original.179892.docx
    DOCX · 176 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақст...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып та...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сандыктау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 20/35 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы"

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Сандыктауаудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №20/35"Округтік сайлау ком...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Жоба

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-б...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Жоба

    Жоба «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

    Жоба «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» ш...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына,...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші орган құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасы...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды: