Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментіне Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінен келіп түскен нотасын хабарлайды.
Нотаға сәйкес Үндістан үкіметінің уәкілетті органдары Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге туристік, медициналық және медициналық қызмет алушыға көмек көрсетуші адамға арналған визаларды тегін беру туралы шешім қабылдағаны туралы айтылған.
Аталған визаларды «e-Visa» жүйесі арқылы (онлайн) және Үндістанның дипломатиялық миссияларында қағаз нұсқада рәсімдеуге болады.