Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті азаматтардың назарына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Конго Демократиялық Республикасында және Угандада Эбола безгегінің өршуіне байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы ақпаратын жеткізеді.
Эбола вирусының әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында:
Конго Демократиялық Республикасына және Угандаға шығуды шектеу ұсынылады (қызметтік іссапарлар, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін туристік сапарлар).
Эндемиялық елдерге баруды тоқтату мүмкін болмаған жағдайда, жеке профилактика шараларын қатаң сақтау қажет:
- науқас адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болу;
- науқас адамдармен қарым-қатынас кезінде арақашықтық сақтау;
- адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту;
- қолды үнемі жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану;
- стихиялық сауда орындарынан сатып алынған тағам өнімдерін тұтынбау;
- бөтелкедегі немесе қайнатылған суды, сондай-ақ өнеркәсіптік жолмен өндірілген және сапасына кепілдік берілген сусындар мен шырындарды тұтыну;
- жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуып, қайнаған сумен шаю, оның ішінде жаңа сығылған шырындарды дайындау алдында да осы талаптарды сақтау;
- тиісті өңдеу жағдайлары жоқ жерлерден жаңа сығылған шырындарды сатып алмау және тұтынбау;
- жабық киім кию және жәндіктердің шағуынан қорғану үшін репелленттер пайдалану;
- киімді ашық ауада кептірмей, жәндіктер кіре алмайтын жабық үй-жайларда кептіру және ішкі жағынан үтіктеу;
- ресми бағдарламада көзделмеген экскурсияларға және өзге де іс-шараларға бармау.
- Эндемиялық елдерден келген адамдар ауру белгілерінің пайда болуына ерекше назар аударуы қажет.
Дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы, құсу, іш өту, бөртпе, бас ауруы, жөтел, қатты әлсіздік және басқа да ауру белгілері пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге барған ел туралы ақпарат беру қажет.
Туризм индустриясы комитеті азаматтарға сапарларды жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескеруді және белгіленген санитариялық-профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады.