Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 525 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды.
Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 3 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласында уақытша болу орындарда 14 сайлау учаскесі құрылды. Бұл сайлау уческелердегі тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беру белгіленген уақыттан бұрын аяқталуы мүмкін.
Сайлаушылар тізімдеріне 578 019 адам енгізілген. Олардың 810 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алған.