Ақтөбе облысы бойынша
ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына 2026 жылдың 13 қыркүйекте өтетін кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 30 кандидат ұсынылды. Оның 4 - саяси партиялары, 26 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 28 – ер адам, 2 – әйел адам.
7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 23 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы - 38 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.
29 кандидаттың жоғары білімі, 1 - орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 26 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда жұмыс
жасайды, 2-жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері, 2- уақытша жұмыссыз.
Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.23 тамыз сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 12 қыркүйек күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
- Әйтеке би ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/documents/details/1056068?lang=kk
- Қарғалы ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/activities/88782?parentId=88780&lang=kk
- Мұғалжар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/1055926?lang=kk
- Хромтау ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/1056052?lang=kk
- Шалқар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/1056196?lang=kk