2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Ақтөбе облысы бойынша 14 аумақтық және 525 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды (оның ішінде Актөбе қаласында 14 СУуақытша болу орындарында.) Сайлау комиссияларының құрамында 3 557 мүше бар (АСК – 98, УСК – 3 459).
Сайлаушылар тізіміне барлығы 578 019 адам енгізілді. Облыс бойынша алғашқы дауыс беретін сайлаушылар саны 6 629.
Учаскелік сайлау комиссиялар ағымдағы жылғы 3 тамызынан бастап жұмысқа кірді. Сайлау заңнамасына сәйкес аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы, жұмыс кестесі және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар баспа басылымдарында (газеттерде) жарияланды, сондай-ақ облыстың, қаланың және аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды.
Бүгінгі таңда сайлауды байқауға қатысу үшін облыстық сайлау комиссиясы 4 қоғамдық бірлестікті аккредиттеді.
Облыста 2715 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 1127 кресло арбаларды пайдаланатын адам, 735 есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адам және 853 көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адам.
Сайлау учаскелері бірінші қабаттарда орналасқан. Сайлау учаскелерінің шақыру батырмасы, кіреберісінде және дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер орнатылды. Сондай-ақ, учаскелерде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушыларды жасырын дауыс беруге арналған кабиналар мен стендтер қарастырылған. Дауыс беру учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған бұрыштар бар, олар компьютермен, құлаққаппен, үлкейткіш әйнекпен, аудиобюллетень, Брайль карпі трафарареттер, қосымша жарықтандырумен жабдықталған.
Дауыс беру күні 18 сурдоаудармашылары және 71 инватаксилер, сондай-ақ еріктілер қызметі ұйымдастырылатын болады.
Сайлау туралы ақпарат облыстық және аудандық газеттерде жарияланады, аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде, әлеуметтік желілерде, Led экрандарда орналастырылған және облыстағы теле-радио арналарында ақпараттық бейне/аудиороликтер кезең-кезеңімен көрсетіледі. Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері облыстық телеарналарда сайлауға дайындық және ұйымдастыру туралы сұхбат береді. Осылайша, бүгінгі таңда 4500 мыңнан астам ақпараттық материалдар орналастырылды. Сондай-ақ, ҚР Құрылтайының депуттарын сайлауда дауыс беру үшін азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біледі. GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмері мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды және Орталық сайлау комиссиясының тарапынан SMS хабарландырулар да ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қала мен аудандарда сайлаушыларға қажетті ақпарат беру үшін CALL-орталықтары құрылды және сайлаушылар тізіміндегі сайлаушылардың аты-жөндерін тексеруге көмектесетін Telegram бот каналы жұмыс жасайды.