Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № А-6/140 қаулысымен бекітілген «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

    ·

    Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № А-6/124 қаулысы

    Ақкөл ауданы әкімдігінің2024 жылғы 25 маусымдағы № А-6/140 қаулысымен бекітілген«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережегеөзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № А-6/140 қаулысымен бекітілген «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (одан әрі- Ереже) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:

    Ереженің 2-тарауының 16-тармағы келесі редакциядағы тармақшалармен толықтырылсын:

    29) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

    30) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.

    2

    1. «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    2. «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережедегі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті тіркеуші органға хабарласын және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қалданысқа енгізіледі.

    Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов

    Ақкөл ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы __ _________

    № _________ қаулысына

    қосымша

    «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні

    Ереженің 2-тарауының 16-тармағы келесі редакциядағы тармақшалармен толықтырылсын:

    29) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

    30) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл ауданы әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары (Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №А-6/130 қаулысы)

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл ауданы әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерініске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 маусымд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «аудандық мәдениет үйі» МКҚК cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «аудандық мәдениет үйі» МКҚК cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың ба...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақкөл ауданының 2026 жылғы қаңтар– шілде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

    Ақкөл ауданының 2026 жылғы қаңтар–шілде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы Атауы Маусым2026 Шілде Өсу қарқыны 2026ж. 2025ж. Аумағы, мың га 815,5 815,5 815,5 100,0 1 шілдегі жағдай бойынша халық саны адам, оның іші...

    Жарияланды:
    Құжат

    Сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 19 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Консти...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақкөл ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған орындар ТІЗБЕСІ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізіміне қосу туралы

    Жарияланды: