ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 19 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Урюпин сайлау округі
Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1103 азамат енгізілді, олардың 757-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 118, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 23.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Әйтімов Ж.Т. – 36; Балпанов С.С. - 530; Еділіпова Қ.Қ. - 50.
Урюпин ауылдық округінің әкімі болып «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас инженері, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, 1976 жылы туған Балпанов Серік Сағатұлы сайланды, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы