2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл ауданы әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерініске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №А-6/130 қаулысы)
№ р/с |
Іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Ескерту |
1. |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды айқындау жөніндегі конкурстық рәсімдерді аяқтау |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Ауданда жалпы ұзындығы 180,5 км болатын аудандық маңызы бар 12 автомобиль жолы бар. Жыл сайын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды айқындау мақсатында конкурс өткізіледі. 2026 жылға арналған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау жұмыстары (қиыршық тас және топырақ жолдардың жабындысын тегістеу және профильдеу, жол жиектеріндегі шөптерді шабу) бойынша өткізілген конкурс қорытындысына сәйкес жеңімпаз болып «АТП «Сервис» танылды. Жалпы сомасы 17,2 млн теңгеге шарт жасалды. Жұмыстар басталды. |
2. |
Кемеркөл ауылында көшелерді жарықтандыруды орнату жобасын іске асыруға қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Наумов ауылдық округі әкімі аппараты Кемеркөл ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу жүргізуге арналған жалпы сомасы 5,8 млн теңгені құрайтын сметалық құжаттаманы әзірледі. Аталған жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қаражаты бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз болып DA-Электро компаниясы танылып, онымен шарт жасалды. Жасалған шарт шеңберінде Кемеркөл, Бейбітшілік және Еңбекші көшелерінде 20 көше жарығы тірегін орнату, 20 жарық шамын монтаждау, сондай-ақ жалпы ұзындығы 850 метр болатын көше жарықтандыру желісін салу көзделген. |
3. |
Ақкөл қаласындағы Островский және А. Майқұтов көшелерінің жол төсеміне қиыршық тас төсеу және тегістеу жұмыстарын жүргізуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Ақкөл қаласының автомобиль жолдарын профильдеу және грейдерлеу жұмыстарын орындауға аудандық бюджеттен 8,3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші ретінде «Адал-Капитал» ЖШС айқындалып, онымен тиісті шарт жасалды. Шарттық міндеттемелерге сәйкес А. Майкұтов көшесіндегі жол жабынын профильдеу жұмыстары 2026 жылғы 26 маусымда, ал Островский көшесінде 2026 жылғы 7 шілдеде орындалды. Келесі кезеңде жасалған шарт шеңберінде аталған көшелердің жол төсемін грейдерлеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары көзделген. Барлық жұмыстарды 2026 жылғы 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. |
4. |
Шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде Қарағаштағы мұсылман зиратына арналған жер учаскесін рәсімдеу |
2026 жылғы 1 тамызға дейін |
Еңбек ауылында жер пайдалануды ретке келтіру мақсатында, оның ішінде Қарағаштағы мұсылман зиратының аумағын қамтитын шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жерге орналастыру жұмыстарының құны 0,5 млн. теңгені құрайды, қаржы қаражаты бөлінді. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-тың Ақмола облысы бойынша филиалымен шарт жасалды. Қазіргі уақытта жер учаскесін өлшеу жұмыстары орындалды, кейіннен жер учаскесін заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімдей отырып, шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасын дайындау жүргізілуде. |
5. |
Еңбек ауылындағы Нұрмағамбетов көшесінің жол төсеміндегі ақауларды жою бойынша «АРКА-К» ЖШС мердігер ұйымының кепілдік міндеттемелерінің орындалуын бақылауға алу |
2026 жылғы 1 тамызға дейін |
«АРКА-К» ЖШС мердігер ұйымы Еңбек ауылындағы Нұрмағамбетов көшесінің жол жабынындағы ақауларды жою бойынша кепілдік міндеттемелерін ұсынды. Анықталған кемшіліктерді жою мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелері шеңберінде орындалатын болады. Мәселе бақылауда. |
6. |
Стрельцов көшесіндегі көпір құрылысының су тасқыны кезеңінде бұзылуын болдырмау мақсатында су өткізу құбырын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыру |
2026 жылғы 1 тамызға дейін |
2026 жылға аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі және ауылдық округтердегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджеттен 2,5 млн теңге көлемінде қаражат көзделген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші болып ЖК Imperial ST айқындалды. Жасалған шартқа сәйкес Новорыбинка ауылындағы Стрельцов көшесінде су өткізу құбырын орнату көзделген. Жұмыстарды орындау 2026 жылғы тамыз айына жоспарланған. |