Жақсы ауданының елді мекендері
аумағындағы жергілікті қоғамдастық
жиналысының Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының Үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қоса берілген Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 наурыздағы № 7ВС-23-2 «Жақсы ауданы елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 165044 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының төрағасыА.Бралина |