Жақсы ауданы әкімдігінің
жанындағы жеркомиссиясының
құрамынжәне комиссия туралы
Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабына және Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № а-7/119 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Жер комиссия туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жақсы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 30 шілдедегі № 8С-46-1 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина