Жақсы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2
«Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін
көрсету мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Жақсы ауданында тұргын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«Жақсы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Жақсы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина