Атырау облысы, Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысына бос лауазымына конкурс жариялайды.

    ·
    1. Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2 шілде 2026 жыл, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы құрылыс 20.
    2. Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы құрылыс 20. Электрондық пошта: [email protected], анықтамалар үшін телефон: 87123779024, «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
    1. Кәсіпорын орналасқан орны: Атырау облысы,Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 208. Электрондық пошта: [email protected], анықтамалар үшін телефон: 87123753801

    «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынның негізгі қызметі – өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту, жоғары білікті спортшыларды даярлау және аудандық құрама командаларды қалыптастыру. Сонымен қатар спорт резервін дайындау, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт ұйымдарының жұмысын үйлестіру бағытында қызмет жүзеге асырады.

    Лауазымдық міндеттері:

    -Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкің сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

    -Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды; оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

    -Ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;

    - Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

    - Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

    - Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбие процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

    - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;

    - Спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

    Білуге міндетті:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқада лауазымына байланысты заңнамаларды білуге тиіс.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), «Педагогика», «Құқық», «Экономика», «Менеджмент», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының біреуі болуы тиіс. Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

    Конкурсқа қатынасу туралы өтініштер 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 27 маусымды қоса алғандағы мерзім аралығында қабылданады.

    Конкурска қатысу үшін құжаттар тізбесі:

    1)Өтініш мемлекеттік тілдегі түйіндемемен қоса;

    2)Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

    3)Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі, қосымшасымен бірге;

    4)Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

    5) Зейнетақы аударымдары туралы құжаттар;

    6) Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;

    7) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа қабылданған кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөнінде анықтама ұсынады.

    Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

    1) он сегіз жасқа толмаған;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа құжаттар қабылдау: Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

    Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

    Жүктеу
    47dc99e0266acb00f850b76167f347bb_original.15826.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты

    Хаттама Құлсары қаласы 23 шілде 2026 жыл Сағат: 11:00 Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты Төраға: А.Науаров -Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жән...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    «Ақжол» партиясының сайлаушылармен кездесу кестесі Р/с Қала, аудан, елді-мекен атауы Кездесу орыны Уақыты Күні, айы, сағаты Ескерту 1. Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы «Қосшағыл» мәдениет үйі 6 там...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 29 мамыр 2026 жыл «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік қызмет көрсету саласын және құрылысты дамытудың негізгі бағытт...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 11 маусым2026 жыл «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жоолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары қызмет көрсету саласы...

    Жарияланды:
    Ереже

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ!

    ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы кез келген немесе болжамды...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды: