«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08-17.08.2026
1 кезеңге жіберу: 14.08-17.08.2026
2 кезеңге жіберу: 18.08.2026
Практикалық баға: 19.08.2026
Анықтама телефоны: 87164221855
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок А, грейд 3
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы экономика және қаржы бөлімі экономика, жоспарлау және коммуналдық меншік секторы негізгі қызметкерінің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің көрсетілген уақыттан бұрын шығу құқығымен 2028 жылғы 14 қаңтарға дейін бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Аудандық коммуналдық меншікті басқару жұмысын ұйымдастыру, оны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтерінің тиімділігіне талдау жасау. Мемлекеттік меншік Тізілімін жүргізу жүйесімен жұмыс істеу. Коммуналдық меншік мүлкі бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, мүлікті жалға беру бойынша шарттар жасау. Жоғарғы тұрған органға мүлік туралы мәліметтер ұсыну. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5470790678