БЕКІТЕМІН _____________ Г.Т. Тайшибаева «____» ____________ 2026 жыл |
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
Күтілетін нәтиже |
1 |
Азаматтық қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
Директор |
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру |
2 |
Бюджет қаражатын пайдалану, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнама талаптарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Директор, бухгалтер |
Қаржылық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу |
3 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде, қызмет алушылардың құжаттарын жүргізуде және қызмет көрсету туралы шешімдер қабылдау барысында заңнама талаптарының сақталуына бақылау жүргізу |
Тоқсан сайын |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
Қабылданатын шешімдердің заңдылығын, объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету |
4 |
Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет сапасы мен лауазымдық міндеттерін орындауына ішкі бақылау жүргізу |
Тоқсан сайын |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру |
5 |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі объективті қарауды қамтамасыз ету, келіп түскен өтініштердің себептеріне талдау жүргізу |
Түсуіне қарай |
Директор |
Мекеме қызметінің ашықтығын және азаматтардың сенімін арттыру |
6 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу |
Тоқсан сайын |
Директор |
Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және анықталған кемшіліктерді уақытылы жою |
7 |
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау |
Жыл сайын |
Жұмыс тобы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы айқындау, олардың алдын алу және жою |