АНЫҚТАМА
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
Егіндікөл ауылы ____ 2026 жыл
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2026 жылғы 25 маусымдағы №29 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 1–31 шілде.
Талдау қамтылған кезең: 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан.
Ішкі талдау жүргізу үшін мекеме директорының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Нормативтік құқықтық актілерді талдау
Мекеме қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторлар анықталған жоқ.
Талдау кезеңінде мекеме бойынша негізгі қызметке қатысты 35 бұйрық, жеке құрам бойынша 35 бұйрық шығарылды. Бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №А-12/200 қаулысымен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың дербестігін, әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
үйде қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу;
қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемі туралы хабардар ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыру.
Талдау барысында есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты өтініштер мен шағымдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына байланысты шағымдардың түспегені анықталды.
Мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына тұрақты түрде ішкі бақылау жүргізіледі. Есепті кезең қорытындысы бойынша бақылаушы органдар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ескертулер болған жоқ.
Мекеменің штаттық саны 11,5 штат бірлігін, ал нақты қызметкерлер саны 12 адамды құрайды. Барлық қызметкерлер белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және мекеме Жарғысын басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, Әдеп кодексін және адалдық қағидаттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып отырады.
Мемлекеттік сатып алу
2025 жылы мемлекеттік сатып алу төмендегідей жүргізілді:
тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен – 3 сатып алу, жалпы сомасы 1 128,2 мың теңге;
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 7 сатып алу, жалпы сомасы 658,1 мың теңге;
өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен – 14 сатып алу, жалпы сомасы 1 593,1 мың теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын фактілер анықталған жоқ. Барлық шарттық міндеттемелер толық көлемде орындалды, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында қиындықтар туындаған жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі
Ішкі талдау нәтижесінде келесі әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге азаматтардың қажеттілігін айқындау, оларды қызмет көрсетуге қабылдау немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде субъективті көзқарастың туындау мүмкіндігі.
Аталған тәуекелдің туындау себептері:
- адами фактордың ықпалы;
- жекелеген шешімдердің жеткілікті деңгейде құжатпен расталмауы;
- қызмет алушылардың құжаттарын тексеру кезінде ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою жөніндегі ұсынымдар
Аталған тәуекелді төмендету және оның туындауына жол бермеу мақсатында:
- Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;
- қызмет алушылардың жеке істеріне іріктемелі тексеру жүргізу;
- шешімдерді тек толық құжаттар топтамасы болған жағдайда ғана қабылдауды қамтамасыз ету;
- тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актілерін рәсімдеуге ішкі бақылауды күшейту;
- қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын алу және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша жыл сайын оқыту және түсіндіру іс-шараларын өткізу;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қорытынды
Ішкі талдау нәтижелері бойынша Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мекеме қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғастырылатын болады.
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Г. Тайшибаева _______
Жұмыс тобының мүшелері:
- Н. Бекбаева _______
- Т. Тупицына _______