Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 09 сәуірдегі «Панфилов ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 09 сәуірдегі «Панфилов ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №126 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қоса беріліп отырған Панфилов ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін және осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |