Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудыңқағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 16) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
- Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы «Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» № 240 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі |
М.Р. Сағымбек |