Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.
Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі басымдық тұрақты реттеу жүйесін қалыптастыруға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және жауапкершілікті мемлекет, қорлар мен басқарушы компаниялар арасында бөлуге беріледі.