БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің
98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді
« Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.
01.01.2026ж. мен 30.06.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 28,4 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 17,3 млн-ы электрондық форматта, 10,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Салымшыларға 384,7 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 374,4 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды