«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
29 шілдедегі № 02-04/1904 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
9 желтоқсандағы № 3312 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 100 және 2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 1089 қаулылары жойылсын. - «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 3312 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағындағы және қосымшасындағы «58490,0 (елу сегіз мың төрт жүз тоқсан)» деген сандар мен сөздер «32587,0 (отыз екі мың бес жүз сексен жеті)» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының қосымшасындағы реттік нөмірі 2 - қатарындағы
«49903,0» деген сандар «24000,0» деген сандармен ауыстырылсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 6 қараша болып белгіленсін.
- Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.