Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес,
сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
15 шілдедегі № 03-01/559 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекеттік емес жер пайдаланушы Альшинбаева Бейсенкульдің уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Шахмардан Есенов көшесі, нөмірсіз мекенжайында орналасқан көлемі 48,0 (қырық сегіз) шаршы метр сауда нүктесі бар аялдама үшін (кадастрлық нөмірі
10-156-043-1681) жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті жаяу жүргіншілер жолы салынуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. - Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 5 қараша болып белгіленсін.
- Мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.