Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Қызылорда қаласының әкімдігі

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.

    ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың маусымынан бастап 2026 жылдың мамырына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,71 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,46% болды.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 115,29 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,12%.

    Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 986,70% инфляция кезінде 1 095,39% құрады.

    2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,94 трлн теңге. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 41,2% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:

    · жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;

    · Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;

    · ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында жарияланады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    27ee9a67c1c6b4fde6ae95e52702bf9f_original.64107.docx
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқа...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    УЧАСКЕЛЕРДЕ ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ

    Қызылорда қаласында барлық 132 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санау процесіне көшеді. Еске салайық, Қызылорда қаласында 132 сайлау комиссиясы құрылды. Мұ...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА УЧАСКЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    2026 жылғы 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні. Сағат 07:00-де Қызылорда қаласындағы 132 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Сайлау заңнамасына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары д...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА УЧАСКЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    2026 жылғы 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні. Сағат 06:00-де Қызылорда қаласындағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Сайлау заңнамасына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары дау...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды сайлаушылардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне қолжетімділік алу үшін сайлау учаскелер тізімі

    р/с № Қала/аудан атауы Сайлау учаскесінің нөмірі Елді мекен (қала, ауыл) Мекенжайы (көше, үйдің № ) Сайлау учаскесінің орналасқан ғимараты 1 2 3 4 5 6 1. Қызылорда қаласы 173 Қызылорда қаласы М.Көкенов көшесі, 26 Ә.Молда...

    Қызылорда қаласының әкімдігіЖарияланды: