Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) «Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округы Досан ауылдық елді мекенінің даму және құрылыс сызбалары (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы» жобасының графикалық материалдары;
2) «Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округы Досан ауылдық елді мекенінің даму және құрылыс сызбалары (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы» жобасына түсіндірме жазба;
3) «Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округы Досан ауылдық елді мекенінің даму және құрылыс сызбалары (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы» жобасына Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасын жібереді.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: ЖШС «МПК-Проект».
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Қызылорда қаласының әкімдігі
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024-2040 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 31 шілдеден 13 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 13 тамыз).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90
e-mail: [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)