А. А. Бабаевтың диссертациясының қорғауы туралы
хабарландыру
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ жанындағы «8D07108 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте Бабаев Алпамыс Алтайұлының философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған «Псевдолатекстер негізінде қорғаныш қасиеттері бар наноқұрылымды биополимерлік материалдарды әзірлеу» тақырыбында диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Қазақстан-Британ техникалық университеті» Акционерлік қоғамының материалтану және жасыл технология мектебінде орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Рецензенттер:
1. Нұршат Нұражи – философия докторы (PhD), профессор, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев университеті (Астана қ., Қазақстан);
2. Георги Гочев – PhD, ассистент-профессор, Ежи Хабер атындағы Катализ және беттік химия институты (Краков, Польша).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің деканы, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан);
2. Айдарова Сәуле Байлярқызы – химия ғылымдарының докторы, профессоры «Бір жол, бір белдеу» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
3. Козловский Артем Леонидович – философия докторы (PhD), ассоц.профессор, Ядролық физика институтының Астана қаласындағы филиалының қатты дене физикасы зертханасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан);
4. Әбдірахманов Асан Рамазанұлы– философия докторы (PhD), Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің ассоц.профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ясмин Сульягич – философия докторы (PhD), Тузла университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры (Тузла қ., Босния және Герцеговина);
2. Құдайбергенов Кеңес Кәкімұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, материалтану, нанотехнология және инженерлік физика кафедрасы, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
3. Мадина Асатуллақызы Якияева, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Алматы технологиялық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Айдарова Сәуле Байлярқызы – химия ғылымдарының докторы, профессоры «Бір жол, бір белдеу» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
1. Ярослав Катона – философия докторы (PhD), профессор, Нови-Сад университеті (Новы Сад қ., Сербия).
Қорғау 2026 жылы 25 тамыз күні сағат 14.00-де (Алматы уақыты, UTC+5) Қазақстан-Британ техникалық университетінің АҚ 8D07108 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша)» білім беру бағдарлама бойынша «8D071 Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта (Microsoft Teams) платформасында өтеді.
https://teams.microsoft.com/meet/474032748097833?p=IvM45T3U82vUC3ItWG
Веб-сайт:
https://kbtu.edu.kz/ru/nauka/dissertatsionnyj-sovet/zashchita-phd-dissertatsij-nanomaterialy-i-nanotekhnologii-materialovedenie-i-tekhnologii-novykh-materialov (e-mail: [email protected])