М.Б. Шуренованың диссертациялық жұмысын қорғау туралы
хабарландыру
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Махаббат Бисембаевна Шуренованың «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медико-санитариялық көмектің халыққа қолжетімділігі мен сапасын кешенді бағалау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақ.
Рецензенттер:
1. Сундетгали Беркинович Калмаханов – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы;
2. Ильяс Тунгышканович Мухамеджан – медицина ғылымдарының кандидаты, ӘМСҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры.
Ғылыми кеңесшілер:
Куралбай Куракбаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры;
Шетелдік ғылыми кеңесші: Мадамин Мусаевич Каратаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының профессоры.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Куралбай Куракбаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры;
2. Нурлан Темирбекович Джайнакбаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» БеБМ ректоры;
3. Фатима Даутовна Касымбекова – PhD, «Медициналық лазерлік орталық» ЖШС бас дәрігер орынбасары;
4. Konrad T. Juszkiewicz – PhD, Lublin Academy of the Higher School of Economics and Innovation, Lublin, Poland.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
1. Максут Болатович Калажанов – медицина ғылымдарының докторы, Талдықорған қаласындағы «Зире» ЖШС медициналық орталығының директоры;
2. Зайтуна Абдулкасимовна Хисметова – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Семей медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі;
3. Шокан Ахмедбекович Каниев – PhD, қауымдастырылған профессор, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары.
Қорғау 2026 жылғы 2 қазан, сағат 14:30-да «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, конференц-зал, 5-қабат.
Zoom конференциясына қосылуға арналған сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09
Конференция идентификаторы: 281 882 7485, Кіру коды: 123456
ДК хатшысы: Индира Казбековна Тулебаева,
e-mail: [email protected]