Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

    Ақтау қ. 30 шілде 2026 жылы

    Маңғыстау облысының әкімдігі

    Төрағалық еткен: Комиссия төрағасының орынбасары Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармаcының басшысы П. Сансызбаев, Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы Қарақия ауданының шаруа қожалықтарымен кездесуде іссапарда.

    Қатысқандар: Ақтау қаласы әкімі Ә.Ж. Байпаков, Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш, Бейнеу ауданы әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданы әкімі Е.К.Күміскалиев, Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж.Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н.Т.Абабукиров, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов

    Қатыспады: Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А.А.Шарапатдинов, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. А.Қоштаев

    Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда және мониторинг бөлімінің бас маманы Ж. Әзімбаев

    (Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)

    Күн тәртібі:

    1. Мұнайлы ауданы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлу жөнінде комиссия отырысыныңа.ж. тамыз айынан бастап лимиттен кәсіпкерлерді қию бойынша (ЖК «Бердыев Н», ЖК «Бек») 2026 жылғы 23 шілдедегі № 01-4-4/242 хаттамасы негізінде облыстық жиынтық тізілімге өзгерістер енгізу

    1.1.Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 28-1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган ағымдағы немесе алдыңғы тоқсанда инфрақұрылымның болуы және оның қуаты туралы, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізу туралы анық емес мәліметтер негізінде бөлуде көлемдерді алу фактісін анықтаған жағдайда тиісті тұлға бөлуді түзету жолымен сұйытылған мұнай газын ағымдағы тоқсанға бөлуден алып тастауға жататындығы назарға алынсын.

    • Мұнайлы ауданы әкімдігінің ақпараты назарға алынсын.
    1. ҚР Энергетика министрлігінің 29.07.2026 жылғы № -8-/5219-И хатына сәйкес 2026 жылғы тамыз айына арналған «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен қосымша 1 476 тонна және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 504 тонна СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру

    2.1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 30-тармағына сәйкес қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан артық және теміржол көлігімен әкету кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу – сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне берген өтінімге сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.

    2.2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын.

    Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей ШЕШІМ қабылдады.

    1. Мұнайлы ауданы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлу жөнінде комиссия отырысының 2026 жылғы 23 шілдедегі № 01-4-4/242 хаттамасы негізінде 2026 жылғы 3-тоқсан бойынша жасақталған облыстық тізілімнің тамыз және қыркүйек айларына өзгерістер енгізіліп, №1,2-қосымшаларға сәйкес кәсіпкерлер арасында бөлінсін.
      • Облыс бойынша өзгертілген жиынтық тізбе ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ға жолдансын.
    1. ҚР Энергетика министрлігінің 29.07.2026 жылғы № -8-/5219-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы(30.07.2026 жылғы №01-19/4212), Жаңаөзен қаласы(30.07.2026 жылғы №01-15/3352), Мұнайлы ауданы(30.07.2026 жылғы № 01-18-1070), Бейнеу ауданы(30.07.2026 жылғы №01-08/2426 және №01-08-708),Қарақия ауданы(29.07.2026 жылғы № 01-19-959), Түпқараған ауданы(29.07.2026 жылғы №01-18-1275), Маңғыстау ауданы(29.07.2026 жылғы №01-26-877) әкімдіктерінің ұсынған тізбесіне сәйкес «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен қосымша 1 476 тонна және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 504 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі №3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлер арасында бөлінсін.

    2.2. 2026 жылғы тамыз айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталып, ҚР Энергетика министрлігі, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на жолдансын.

    1. Қала және аудан әкімдіктеріне:

    3.1. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.

    3.2. 2026 жылғы тамыз айына «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен бөлінген негізгі 477 тонна а.ж. 7 тамызына дейін зауыттан толық жөнелтілуі және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы қамтамасыз етілсін (Ақтау – 152,640 тн, Жаңаөзен – 121,635 тн, Қарақия – 21,465 тн, Мұнайлы – 78,705 тн, Бейнеу – 36,729 тн, Маңғыстау – 35,775 тн, Түпқараған – 30,051 тн).

    Аталған тапсырма уақытылы орындалмаған жағдайда жетекшілік ететін қала, аудандардың әкім орынбасарларына тәртіптік шара қабылдансын.

    3.3. Ағымдағы жылғы тамыз айына қосымша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен 1 476 тонна сұйытылған мұнай газ көлемінің а.ж.15 тамызына дейін зауыттардан толық жөнелтілуі және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы қамтамасыз етілсін.

    Аталған тапсырма уақытылы орындалмаған жағдайда жетекшілік ететін қала, аудандардың әкім орынбасарларына тәртіптік шара қабылдансын.

    3.4. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.

    1. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі.

    Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы,

    Комиссия төрағасының орынбасары

    П. Сансызбаев

    Комиссия хатшысы

    Ж. Әзімбаев

    КЕЛІСІЛДІ:

    Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж. Байпаков

    Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш

    Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж. Құлжанов

    Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күміскалиев

    Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М. Ниязов

    Қарақия ауданының әкімі С.Қ. Төретаев

    Бейнеу ауданы әкімі Р.Ы. Шалбаев

    Маңғыстау облысының

    мемлекеттік сәулет-құрылыс

    бақылауы басқармасы

    басшысының м.а.

    Маңғыстау облысының Төтенше

    жағдайлар департаменті

    басшысының орынбасары

    А. Қоштаев

    Н.Т. Абабукиров

    «Маңғыстау-Адалдық алаңы»

    жобалық кеңсесінің жетекшісі

    Д.М. Үсіпбаев

    Маңғыстау облыстық қоғамдық

    Кеңесінің мүшесі Ү. Имашов

    Жалпыұлттық социал-демократиялық

    партия Маңғыстау облыстық

    филиалының төрағасы С.С. Мынбаев

    Маңғыстау облысы кәсіпкерлер

    палатасы басшысының орынбасары А. Шарапатдинов

    Согласовано

    30.07.2026 18:37 Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы

    30.07.2026 18:40 Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы

    30.07.2026 18:43 Күміскалиев Ержан Копярович

    30.07.2026 18:43 Төретаев Сымбат Қуанышұлы

    30.07.2026 18:54 Байпаков Абилкаир Жанаевич

    30.07.2026 18:59 Мұқаш М. А. ((и.о Кайнарбаев Ж.И))

    30.07.2026 19:33 Құлжанов Қанат Жаңбырұлы

    Подписано

    Жүктеу
    49cb0bd96b7de4f1e3ecfd112f123f24_original.62053.docx
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу
    58af2d8ca9e915d95e994ce7dc449ddc_original.35279.docx
    DOCX · 34 КБ
    Жүктеу
    4063c69134cb35a2d8a5662e7a3f999b_original.123374.xlsx
    XLSX · 120 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобы отырысының хаттамасы

    Төрағалық етті: - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, жұмыс тобының төрағасы – П.Б.Сансызбаев Қатысқандар: - жұмыс тобы (тізім бойынша) Күн тәртібі: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талд...

    Хаттама

    Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның ХАТТАМАСЫ

    Ақтау қ.25маусым2026ж. Маңғыстау облысы әкімдігі Төрағалық еткен:Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы Төраға орынбасары:Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы П. Сансызбаев Қатысқандар...