Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның ХАТТАМАСЫ

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

    Ақтау қ.25маусым2026ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігі

    Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы

    Төраға орынбасары: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы П. Сансызбаев

    Қатысқандар: Ақтау қаласы әкімі Ә.Ж. Байпаков, Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш, Бейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов, Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күміскалиев, Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. Алтынгалиев Т.А., Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. С.А.Канапин, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н.Т.Абабукиров, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. А. Қоштаев, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А.А.Шарапатдинов, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев

    Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы С. Маңғыбай

    Қатысқандар:тізім бойынша

    (Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)

    Күн тәртібі:

    ҚР Энергетика министрлігінің 11.06.2026 жылғы №07-13/3968-И хатына сәйкес, 2026 жылғы үшінші тоқсанға арналған сұйытылған мұнай газ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала/аудан әкімдіктерінің ақпараты назарға алынсын.

    Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады:

    1.1 ҚР Энергетика министрлігінің 11.06.2026 жылғы №07-13/3968-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (19.06.2026 жылғы №01-19-49х), Жаңаөзен қаласы (25.06.2026 жылғы №02-05/49), Бейнеу ауданы (25.06.2026 жылғы №11), Мұнайлы ауданы (18.06.2026 жылғы №01-4-4/202), Маңғыстау ауданы (17.06.2026 жылғы №31), Қарақия ауданы (17.06.2026 жылғы №7), Түпқараған ауданы (17.06.2026 жылғы №7) әкімдіктерінің ұсынған хаттамаларына сәйкес №1,2,3-қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.

    1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» №358 бұйрығының 3-тарау 45-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға 150 (бір жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, ол сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.

    Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына:

    1.3.. Комиссияның шешімімен мақұлданған 2026 жылғы үшінші тоқсанға (шілде, тамыз, қыркүйек) арналған сұйытылған мұнай газын бөлу жобасы бекітіліп, ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ Газ Өңдеу Зауыты» ЖШС-не және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын.

    1.4..Осы хаттаманың көшірмесі қала, аудандар әкімдіктеріне жолдансын.

    Қала және аудан әкімдіктеріне:

    1.5. ЖК Жупкали (Мұнайлы ауданы) қарасты автогаз құю бекеттеріне берілген ескертулер негізінде құрылыс жұмыстары 30 күн ішінде аяқталмаған жағдайда ағымдағы тоқсанға лимиттен шығарылсын.

    1.6. Бекітілген ережелерге және нормаларға жатпайтын, толық құрылғылармен, сондай-ақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген және жұмыс жобасы мен эскиздік жобасы сәйкес емес жаңадан іске қосылатын газ құю бекеттері облыстық комиссияға ұсынылмасын.

    1.7. Құжаттары толық рәсімделмей немесе құрылыс жұмыстары толық аяқталмай өнім беру жоспарына қосылған автогаз құю бекеттері анықталған жағдайда жауапты қала, аудан әкімінің жауапкершілігі қаралсын.

    1.8. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.

    1.9. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.

    Осы хаттаманың орындалысын бақылау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі.

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы

    Т. Жеткізгенұлы

    Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы,

    Комиссия төрағасының орынбасары

    П. Сансызбаев

    Комиссия хатшысы

    С. Маңғыбай

    КЕЛІСІЛДІ:

    Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж. Байпаков

    Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш

    Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. С.А.Канапин

    Түпқараған ауданының әкімі Е.К. Күміскалиев

    Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. Т.А. Алтынгалиев

    Қарақия ауданының әкімі С.Қ. Төретаев

    Бейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов

    Маңғыстау облысының

    мемлекеттік сәулет-құрылыс

    бақылауы басқармасы

    басшысының м.а.

    А. Қоштаев

    Маңғыстау облысының Төтенше

    жағдайлар департаменті

    басшысының орынбасары

    Н. Абабукиров

    Маңғыстау облысы кәсіпкерлер

    палатасы басшысының

    орынбасары

    А. Шарапатдинов

    Жүктеу
    fd2b1b1b0a58d9dfd940b90600364d09_original.37322.docx
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу
    73961e98fc674433304b2edd5cf6880d_original.35241.docx
    DOCX · 34 КБ
    Жүктеу
    0262e09a6aa969f5625fe9d9774aabd3_original.159472.xlsx
    XLSX · 156 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың Бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 2026 жылға жоспарланған жобалар

    Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың Бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 2026 жылға республикалық бюджеттен 12,9млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 0,6 млрд. тг (субсидиялауға – 500 млн.теңге, кепілдендіруге – 0 млн.те...

    Есеп

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2026 ЖЫЛДЫҢ ІІ ТОҚСАННЫҢ ЕСЕБІ

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2026 ЖЫЛДЫҢ ІІ ТОҚСАННЫҢ ЕСЕБІ Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен мемлекеттік көрсетілеті...

    Есеп

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2025 ЖЫЛДЫҢ III ТОҚСАННЫҢ ЕСЕБІ

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2025 ЖЫЛДЫҢIIIТОҚСАННЫҢ ЕСЕБІ Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін...

    Есеп

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2025 ЖЫЛДЫҢ ІV ТОҚСАННЫҢ ЕСЕБІ

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру», «Инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді дам...

    Бұйрық

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының бюджеттік бағдарламаларды 2025-2027 жылдарға бекіту туралы

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының бюджеттік бағдарламаларды 2025-2027 жылдарға бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жыл...

    Бағдарлама

    278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР : 015 - «Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ- ға кредит беру»

    7 қосымша Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2024 жылғы «25»желтоқсандағы № 01-14/51 бұйрығымен бекітілген _______________________Д. Мұраталиев 278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және с...

    Бағдарлама

    278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР: 008 - «Кәсіпкерлік қызметті қолдау»

    6 қосымша Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2024 жылғы «25»желтоқсандағы № 01-14/51 бұйрығымен бекітілген _______________________Д. Мұраталиев 278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және са...

    Бағдарлама

    278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР: 007 - «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру»

    5 қосымша Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2024 жылғы «25»желтоқсандағы № 01-14/51 бұйрығымен бекітілген _______________________Д. Мұраталиев 278 - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және с...