Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттығы
саласындағы тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 16 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нен Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Акжол көшесі мекенжайында орналасқан «Jfood Kazakhstan» ЖШС-де автобус жүргізушісінде туберкулез жағдайы тіркелуі негізінде № 41 шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20.07.2026 ж. - 31.07.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Акжол көшесі мекенжайында орналасқан «Jfood Kazakhstan» ЖШС
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.