Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеружүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: 2026 жылғы 17 маусымдағы №67 шұғыл хабарламаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК-нен түскен балада туберкулездің расталған жағдайы тіркелген. Науқас Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы мекен-жайында тұрады. Ол Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы» МКК-нің 3 сынып оқушысы. Мектептің мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, С. Сейфуллин көшесі, 19. Аталған білім беру ұйымы қызмет көрсету аумағы бойынша Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК-не қарайды.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.06.2026 жылдан бастап 17.07.2026 жылға дейін
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК, мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М.Әуезов көшесі, 24-ғимарат.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
- Қабылданған шаралар: жоқ