«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 13 қыркүйегіне Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
- 2026 жылғы 13 қыркүйегіне тағайындалған Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Б. Кошербаев
Комиссия хатшысы А. Қосуақ
Сарыкемер ауылы
05.08.2026 жыл.
№10