Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Байзақ ауданының әкімдігі

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

    Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ).

    ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес)https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ):

    1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

    2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

    3) қоршаған ортаны қорғау;

    4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

    5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

    6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

    7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

    8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

    9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

    10) мәдениет пен өнерді дамыту;

    11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

    12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

    13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

    14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

    15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

    16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
    2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледіhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).

    Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:

    - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

    - 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;

    - Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

    Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

    - үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

    - 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;

    - соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

    1) Қағидаларға1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

    2) осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

    3) осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

    4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

    5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

    6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

    7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

    8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).

    Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

    Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) [email protected] (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

    Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).

    ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады:

    - бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

    - өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.

    Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

    Ескерту!

    Өтінімді [email protected] электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

    Толтыруға қажетті қосымшалар нысандары

    Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды
    беру қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    Кімге: Қазақстан Республикасы
    Мәдениет және ақпарат

    министрлігі
    Кімнен:
    ____________________________
    (өтініш берушінің толық атауын
    көрсету)

    Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына

    қатысуға өтініш

    Осы өтінішпен ____________________________________________________

    (өтініш берушінің толық атауын көрсету)

    «______________________________________________________________»

    («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес саланы көрсету)

    саласы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.

    Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

    ________________________________________________________________

    Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Мөр орны (болған жағдайда)

    Үкіметтік емес ұйымдарға арналған

    сыйлықақыларды беру қағидаларына

    2-қосымша

    Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы

    Р/с №

    Атауы

    Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады)

    1.

    Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы

    2.

    Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

    3.

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі

    4.

    Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы

    5.

    Нақты мекенжайы

    6.

    Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес)

    7.

    Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес)

    8.

    Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы

    Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

    _________________________________________________________________________

    Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Мөр орны (болған жағдайда)

    Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына
    3-қосымша

    Нысан

    Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама

    _________________________________________________

    (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

    1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік

    міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________

    2. «____________________________________________________________»

    (ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету)

    саласы бойынша жұмыс тәжірибесі.

    р/с
    №

    Әлеуметтік жобаның атауы
    (негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы)

    Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері

    Әлеуметтік жобаның нәтижелері

    * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін ұсынып отырған саланың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).

    3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің

    ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап беріңіз.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

    _______________________________________________________________

    Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Мөр орны (болған жағдайда)

    Жүктеу
    b772f3d99b9603c623631529a9cd854e_original.27935.docx
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 08 қыркүйегіндегі хаттамалық шешімімен Мырзата...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 08 қыркүйегіндегі хаттамалық шешімімен Суханба...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

    Байзақ ауданында бейбіт жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін 2021 жылы 24 маусымында №67/11 аудандық мәслихат шешімімен келесі арнайы орындар айқындалған:Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр к...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Пресс–анонс

    2026 жылғы қыркүйектің 11 күні сағат 11-00 «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы көшесі, Желтоқсан көшесі, 59 "Жамбыл облысы әкімд...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфе...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    2026 жылғы 11 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбын...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтеріне әкімдігіне кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылғы 13 қыркүйек) 2026 жылғы 23 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша

    № п/п Аты, әкесінің аты, тегі Туған жылы Атқаратын лауазымы, жұмыс орны кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну Мырзатай ауылдық округі 1. Акжигитов Медет Жамбылович 25.10.1983ж. "Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округ әкімінің ап...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар

    Р/с Елдi мекеннiң атауы Мекенжайы Негіздеме(шешім атауы, күні, номері) 1 Дихан-2 ауылы 9 мамыр көшесі №27, «Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйі» коммуналдық...

    Байзақ ауданының әкімдігіЖарияланды: