«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтерінің шекарасында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын.
Төраға Б. Кошербаев
Хатшы А. Қосуақ
Сарыкемер ауылы
05 тамыз 2026 жыл
№9