Мойынқұм ауданында Биназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мойынқұм ауданының Биназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Биназар ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға С. Садуакасов
Хатшы Е. Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы,
05 тамыз 2026 жыл
№7