2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    ·

    Мойынқұм аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 5 тамыздағы

    №8 қаулысына 1 қосымша

    2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған

    Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлауын

    әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

    КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    5 тамыз 2026 жыл

    (113-1-б.)

    2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей

    (22-б.)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм ауданының әкімі

    сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

    2026 жылғы20 тамызданкешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

    2026 жылғы 6 тамыздан басталып 2026 жылғы
    18 тамыз 18.00 де аяқталады.

    (113-3-б. 1, 5-т.)

    7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    (4-б., 113-5-б. 11-т. 2)т.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14-б. 8-1) т., 31-б.)

    9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

    Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

    11. Мойынқұм ауданы әкімдігінің шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

    Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 2-т.)

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша)

    Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

    2026 жылғы 6 тамызда басталып 2026 жылғы
    23 тамыз 18.00 де аяқталады.

    (113-5 б. 14-т.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары мен Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Тіркелген кандидаттар, сондай-ақ олардың сенім білдірілген адамдарының қатысумен АСК-ның кеңейтілген отырысын өткізу.

    Отырыста кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарына Конституциялық заңның 27, 28 баптары негізінде сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығы мен тәртібі және сайлау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсініктеме беру.

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін екінші күннен кешіктірмей

    (14-б, 113-5-б. 1-т.)

    17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

    Мойынқұм ауданының әкімдігі және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

    18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылғы 23 тамыз 18.00 де басталып 2026 жылғы 12 қыркүйек 00.00 сағатта аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    19. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдары мен Мойынқұм ауданы әкімінің ресми сайтына жариялау

    Мойынқұм ауданының әкімдігі және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

    1. Мойынқұм ауданының әкімі

    2. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    3.2026 жылғы 23 тамыз

    (24-б. 5-т.)

    21. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін, өзге де сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар мен практикалық тренингтер өткізу

    4. Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    5.Сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде

    (14-б. 11-1) т.)

    22. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2026 жылғы 28 тамызынан бастап

    (26-б. 1-т.)

    23. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиялары әрбір сайлаушыға

    QR - кодқа кандидаттар туралы ақпарат енгізілген

    сайлауға шақыру қағаздарын тарату, сайлаушылар

    тізімін нақтылау

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы3 қыркүйектен кешіктірмей

    (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

    24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей-

    2026 жылғы 10 қыркүйектен ерте емес және

    12 қыркүйектен кешіктірмей

    (37-б. 3-т.)

    25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    2026 жылғы 13қыркүйекжергілікті уақыт бойынша

    сағат 06:00-де

    (40-б. 1-т.)

    26. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    2026 жылғы13қыркүйек, жергілікті уақыт бойынша

    сағат07:00-ден 20:00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    2026 жылғы13қыркүйек, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-дебасталады

    (18-б. 8) т., 43-б.)

    28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (43-б. 8-т.)

    29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    30. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей-

    2026 жылғы16қыркүйектен кешіктірмей

    (113-10-б.)

    31. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары мен Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей

    (44-б. 4-т), 3-т.)

    32. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін –

    2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылғаны туралы ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6- бабы 1- тармағына және Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімі болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген ка...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мойынқұм ауданы, Биназар ауылдық округ әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

    Мойынқұм ауданы, Биназар ауылдық округ әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі (2026 жылдың 27 тамыз - 11 қыркүйек аралығы) Кандидаттың аты жөні тамыз-қыркүйек 27 тамыз бейсенбі 28 тамыз жұма 2 қы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    әкімдігіне кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылғы 13 қыркүйектегі сайлау) 2026 жылғы 23 тамыздағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша № п/п Аты, әкесінің аты, тегі Туған жылы Атқаратын лауазымы, жұм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесетін және үгіт-насихат тақтайшаларының орындары

    Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесетін және үгіт-насихат тақтайшаларының орындары № Ауылдық округ, ауыл атауы Кездесу орындарының мекен-жайлары Үгіт-насихат тақтайшаларыны...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтер «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисімен қамтылған учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан мекенжайлары туралы ХАБАРЛАМА

    № Аудан атауаы № СУ Елді мекен атаауы Сайлау учаскесінің мекен жайы Ғимарат атауы (мектеп, мәдениет үйі, мемлекеттік мекеме және т. б.) 1 Мойынқұм ауданы 306 Кеңес а/о Биназар көшесі №48 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеуге арналған учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан мекенжайлары туралы ХАБАРЛАМА

    № п/п Облыстың / республикалық маңызы бар қаланың атауы Аудан атауы Сайлау учаскесінің нөмері Мекен жайы (толық) 1 2 3 4 5 1 Жамбыл Мойынқұм ауданы 313 Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі, №10, «Жамбыл облысы әкімдігінің біл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҰСЫНЫМ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Биназар ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ҰСЫНЫМ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылғы 13 қыркүйектегі сайлау) 2026 жылғы 18 тамыздағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша № п/п Аты...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Call-орталық, және сайлауға қатысты қажетті ақпарат алуға болатынын хабарлама

    МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ «Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №8 қаулысымен Мойынқұм ауданы Биназар ау...

    Жарияланды: