Мойынқұм ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлер туралы мәлімет жинақталды
Мойынқұм ауданы бойынша 36 көппәтерлі тұрғын үй туралы мәлімет жүйеленді. Аталған үйлер Мойынқұм және Шығанақ ауылдарында, Мыңарал ауылы мен Хантау ауылдық округінде орналасқан.
Жинақталған ақпаратта әр үйдің нақты мекенжайы, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар саны, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару нысаны көрсетілген. Қазіргі таңда тізімдегі үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі немесе басқарушы компания тіркелмеген.
Бұл мәліметтер көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін ретке келтіруге және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге негіз болады.