Өскемен қаласының көгалдандыру және абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

    ·

    2026 жылғы 21 шілде № 4/5

    Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты

    комиссияларының бірлескен отырысы

    Өскемен қаласының көгалдандыру

    және абаттандыру бойынша жүргізіліп

    жатқан жұмыстар туралы

    Ақпаратты тыңдап, тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

    1) қаланың саябақтарын, скверлерін, аллеяларын және өзге де қоғамдық кеңістіктерін, оның ішінде «Нұрлы жол», «Парк сити» саябақтарын, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақты, «Өскемен» аллеясын және басқа да нысандарды тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз ету, оның ішінде уақтылы санитарлық тазалауды, шөп шабуды, жасыл желектерді күтуді, ағаштар мен бұталарды санитарлық кесуді, абаттандыру нысандарын жарамды және қауіпсіз жағдайда ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ көгалдарды суару жүйелерін (Қазыбек би даңғылы, Жеңіс даңғылы, Славский жағалауы, Қазақстан көшесі, Протозанов көшесі, Борис Александров көшесі және басқа да аумақтар), гүлзарлар мен өзге де көгалдандыру нысандарын қалпына келтіру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

    2) қаланың жасыл қорына түгендеу жүргізу, жасыл желектердің жағдайын анықтау және апатты, сондай-ақ қауіп төндіретін ағаштарды жою бойынша іс-шараларды жүргізуді, сонымен қатар жол белгілерінің көрінуін қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

    3) отырғызылған ағаштар мен көшеттердің отырғызылған орындары мен жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету (Чечек ауданы, Самал саябағы, «Өскемен» аллеясы және басқа да аумақтар), оның ішінде олардың жерсінуіне мониторинг жүргізу, уақтылы күтім жасау, суару және жерсінбеген көшеттерді ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;

    4) Өскемен қаласының аумағында көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау және аумақтарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстардың сапасына, көлеміне және уақытылы орындалуына ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан бақылауды күшейту;

    5) өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып, көгалдандыру объектілерінің нақты шекаралары мен алаңдарын, отырғызылатын материал түрлерін көрсете отырып, картографиялық материалдарды (дендропланды) әзірлеу және ұсыну;

    6) қолданыстағы және қайта жаңартуды қажет ететін желілерді қоса алғанда, суару жүйелеріне түгендеу жүргізу, сондай-ақ жаңа суару желілерін салу қажеттілігіне есеп жүргізу;

    7) әрбір аумақ үшін ең тиімді нұсқаны айқындай отырып, суару тәсілдерінің (автоматты, қолмен, су тасымалдау арқылы) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.

    1. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жеке меншік объектілерінің кәсіпкерлік субъектілерімен, меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарын, атап айтқанда іргелес аумақты 5 метр радиуста тиісті санитарлық жағдайда ұстау жөніндегі талаптарды сақтау қажеттілігі туралы жұмыстар жүргізуді ұсыну.
    2. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кондоминиум объектілерін басқару органдарымен (мүлік меншік иелері бірлестіктерімен, тікелей бірлескен басқарумен, басқарушы компаниялармен, пәтер иелері кооперативтерімен) аулалық аумақтарды тиісінше күтіп-ұстау, шөпті уақтылы шабу, жасыл желектерді күту, санитарлық тазалау және абаттандыру элементтерін күтіп-ұстау бөлігінде Қағидалар талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсыну.
    3. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихатқа 2026 жылғы 31 тамызға дейін ақпарат берілсін.
    4. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

    Тұрақты комиссиялардың төрағалары

    А. Горностаева

    Н. Умарбеков

    А. Есімбекова

    Жүктеу
    360c6ca2d5c195ebaf0fda08fe7e8791_original.25644.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026 жылғы 30 маусымдағы № 7/2 «2026 жылға Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары қаулысының іске асырылуы туралы

    Өскемен қалалық мәслихатыныңтұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 23шілде № 4/4 2026 жылғы 30 маусымдағы № 7/2 «2026 жылға Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объек...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 42/3-VIII «Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/9 «Өскемен қаласының лифт шаруашылығының жай-күйі туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімін іске асыру туралы

    2026 жылғы 21 шілде № 4/3 Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 42/3-VIII «Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32...

    Жарияланды:
    НҚА

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Өскемен қаласының 2026 жылғы № 15 Қоғамдық кеңесінің отырысы

    Жарияланды:
    Қаулы

    Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2026 жылға арналған ең аз мөлшерін бекіту туралы

    Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусым № 7/2 Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналға...

    Жарияланды:
    Қаулы

    23- ықщамауданның инженерлік инфрақұрылымын дамыту және электрмен жабдықтау жобасын қаржыландыру мәселесі бойынша Олеся Евгеньевна Комагорованың жолданымын қарау туралы

    2025 жылғы 23 маусым № 3/1 Өскемен қалалық мәслихатыныңтұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 23- ықщамауданның инженерлік инфрақұрылымын дамыту және электрмен жабдықтау жобасын қаржыландыру мәселесі бойынша Олеся Е...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының маңында тұратын адамдарға әлеуметтік жеңілдіктер беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау мәселесі бойынша Ақерке Сабакболовна Жексембаеваның жолданымын қарау туралы

    Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 23 маусым № 3/2 Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының маңында тұратын адамдарға әлеуметтік жеңілдіктер беру үшін Қазақстан Республи...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    ХАБАРЛАМА мәслихаттың Өскемен қалалық мәслихатының мүшені сайлау туралыа қалалық сайлау округіой комиссияларжәне оның орнына шығып қалғандароның

    Жарияланды: