Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
2026 жылғы 23шілде № 4/4
2026 жылғы 30 маусымдағы № 7/2 «2026 жылға
Өскемен қаласы бойынша кондоминиум
объектісін басқаруға және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға
арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін
бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссиялары қаулысының іске асырылуы туралы
Ақпаратты тыңдап, комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ақпарат назарға алынсын.
- «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қажетті келісу рәсімдерін жүргізіп, «2026 жылға Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім жобасын белгіленген тәртіппен Өскемен қалалық мәслихатының қарауына енгізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссиялардың
төрағаларыА. Горностаева
Н. Умарбеков
А. Есимбекова