2026 жылғы 07 тамыз №9
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы
Өскемен қаласының жолдарын
жөндеу жұмыстарының барысы туралы
Өскемен қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы Өскемен қаласынан Степное кенті бағытына шығатын жолды, сондай-ақ Орманды, Леваневский, Алтай, Белинский, Новосибирская, Деповская көшелерін, Н.Назарбаев даңғылын, Гагарин бульварын аралап, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысу мақсатында тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
1) Өскемен қаласынан Степное кенті бағытына шығатын жол бойынша – асфальт жабынын төсеу алдында жол төсемін тазарту;
2) Орманды көшесі бойынша:
аталған көшеде орындалған жұмыстардың тізбесі және жұмсалған қаражат көлемі туралы ақпарат ұсыну;
Жоғары Высоковольтная көшесімен қиылыста орналасқан балалар ойын алаңына апаратын баспалдақты абаттандыру жұмыстарын мердігер ұйымға толық аяқтатуды қамтамасыз ету;
Орманды көшесін 2027 жылға арналған автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарына енгізу;
3) Леваневский көшесі бойынша – жаңа жол жабынынан №12 үйдің қақпасына дейін қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу;
4) Белинский көшесі бойынша:
«Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, №32 үйдің маңындағы жол жабынындағы жердің шөгуін жою;
нөсер кәріз жүйелерін тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;
тротуарлар бойындағы ағаштар мен бұталарға санитариялық кесу жұмыстарын жүргізу;
5) Гагарин бульвары бойынша – жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жедел аяқтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ нөсер кәріз жүйесін жол жабыны деңгейінен төмен орналастыру;
6) Деповская көшесі бойынша:
құдық қақпақтарын жол жабынының деңгейіне дейін теңестіру;
№186 үй маңындағы жолдың шөгуін жою;
7) Новосибирская көшесі және Паровозный 1–6 тұйық көшелері бойынша:
автокөлік дөңгелектерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында нөсер су ағызу торларын нығайту;
құдық қақпақтарын жол жабынының деңгейіне дейін теңестіру;
8) 2027 жылға арналған автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарына Деповская көшесі, 88-үйден бастап трамвайдың соңғы аялдамасына дейінгі жол жабынын ауыстыру жұмыстарын енгізу.
- Осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қалалық мәслихатқа ұсыну.
- Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тұрақты комиссия төрағасы Н. Умарбеков