2026 жылғы 21 шілде № 4/3
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы
26 ақпандағы № 42/3-VIII «Өскемен қалалық
мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы
№ 32/9 «Өскемен қаласының лифт
шаруашылығының жай-күйі туралы» шешімін
іске асыру туралы» шешімін іске асыру туралы
Ақпаратты тыңдап, тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) «Өскемен қаласында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде жөндеуді немесе ауыстыруды аса қажет ететін лифттердің тізбесін, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыруды;
2) қажетті есептеулерді дайындауды;
3) «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қағидалар шеңберінде лифт жабдықтарын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражатын көздеу мәселесін пысықтауды ұсыну.
- Осы шешімнің іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихатқа 2026 жылғы 1 қарашаға дейін ақпарат берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары |
А. Горностаева Н. Умарбеков А. Есімбекова |