Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»
2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5154679,6 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1166338,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 104937,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 488,6 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3882914,8 мың теңге;
2) шығындар – 5173449,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 184443,5 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 206291,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 21848 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -203213,7 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 203213,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 206291,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 21848 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18770,2 мың теңге.
7-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
1) 14241 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту (жөргектер) – 14241 мың теңге,
санаторлық-курорттық емделу – 0 мың теңге.
9-тармақта:
24), 27) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«24) 9103 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:
санаторлық-курорттық емделу – 1717 мың теңге;
протездік-ортопедиялық құралдар – 5665 мың теңге;
сурдотехникалық құралдар - 350 мың теңге;
тифлотехникалық құралдар – 463 мың теңге;
арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло – арбалар) - 908 мың теңге;»;
27) 31504,5 мың теңге - Воскресенов ауылдық округінің Искра ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға.».
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 28625 мың теңге сомада республикалық бюджеттен мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж. Кәрімова