«Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің шешімінің жобасы

    "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" ММ

    Жітіқара ауданының

    Жітіқара қаласы әкімінің

    2026 жылғы «_____ »____________

    № _____ шешімінің жобасы

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан «Жітіқара желілік-техникалық цехы - «Қондыбай» кеден бекеті» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін алаңы 1,3 гектар жер учаскелеріне 2029 жылғы 11 маусымға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
    2. «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жітіқара ауданы

    Жітіқара қаласының әкімі М. Ордашев

    «Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы»

    жобаға түсіндірме жазба

    №

    р/т

    Мәліметтер тізбесі

    Ескерту

    1

    Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

    «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

    2

    Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздеме

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

    3

    Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ бюджет заңнамасында көзделген жағдайда-тиісті бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, тиісті бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

    Актіні қабылдау оны іске асыруға байланысты қаржылық шығындарға әкеп соқпайды

    4

    Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда халықтың кең ауқымы үшін болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері

    Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

    5

    Жекелеген әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғамдастық, халық, өзге де санаттар) үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

    Жер учаскелеріне сервитут белгілеу мақсатында жобаны қабылдау қажет

    6

    Ол қабылданған жағдайда заңнаманы нормативтік құқықтық актінің тағылатын жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

    Жоқ

    7

    Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

    -

    8

    Осындай өзгерістерге әкеп соғатын нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

    Жоба жобаны қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуды және (немесе) ұлғайтуды көздемейді

    Жітіқара ауданы

    Жітіқара қаласының әкіміМ. Ордашев

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің шешімінің жобасы

    Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің 2026 жылғы «_____ »____________ № _____ шешімінің жобасы Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасы...

    Шешім

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Мәслихаттың «Жітіқара а...

    Шешім

    Баспасөз релизі

    Баспасөз релизі Жітіқара аудандық мәслихаты «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы » шешімінің жоб...

    Ақпарат

    ЖТҚ үшін жер учаскесін қалай алуға болады

    ЖТҚ үшін жер учаскесін қалай алуға болады Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін тегін ала алатынын білуі тиіс. Жер учаскесі жеке меншікке 0,10 гектар (10 акр) мөлшерінде беріледі. Бұл ретт...

    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (жер учаскесі елді мекен шегінде болған кезде)

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (жер учаскесі елді мекен шегінде б...

    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (жер учаскесі елді мекен шегінде болған кезде)

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (жер учаскесі елді мекен шегінде б...

    Ақпарат

    «Жітіқара қаласы, Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы.

    «Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша түсініктеме. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары...

    Ақпарат

    «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    Қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе портал арқылы көрсетіледі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-5 жұмыс күні Талап етілетін құжаттар топтамасы:нысан бойынша өтініш, жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар серв...