АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зайсан ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Әлемелдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттықерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.

    Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі басымдық тұрақты реттеу жүйесін қалыптастыруға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және жауапкершіліктімемлекет, қорлар мен басқарушы компаниялар арасында бөлуге беріледі.

    АҚШ-та белгіленген төлемдер жүйесіне (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларын Pension Benefit Guaranty Corporation (PBGC) [1] федералдық сақтандыру жүйесі қорғайды. Бұл жүйе жұмыс берушінің қызметкердің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда, корпоративтік зейнетақы жоспары бойынша (заңда белгіленген шектерде)қызметкер алдындағы зейнетақы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    Ұлыбританияда мұндай функцияларды Pension Protection Fund (PPF) [2] атқарады. Осыған ұқсас тетіктер Германияда да қолданылады. Бұл ретте осы тәрізді сақтандыру жүйелері тек белгіленген төлемдерге (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларына қолданылады және белгіленген жарналарға (Defined Contributions, DC) негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қолданылмайды.

    Кейбір елдерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету тетіктері көзделген. Олар абсолюттік номиналды мәнде де(мысалы, Бельгияда, Швейцарияда, Малайзияда, Сингапурда), сондай-ақ салыстырмалы түрде, яғни белгілі бір бағдарлық көрсеткішпен салыстыру арқылы, мысалы, орташа кірістілікке қатысты (Латын Америкасы елдерінде) белгіленуі мүмкін. Бельгия мен Швейцарияда міндетті кәсіптік зейнетақы қорларындағы кірістіліктің ең төменгі номиналды мөлшерлемесі заңнамамен бекітілген. Ол жұмыс берушінің өз қызметкерінің зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерін есептеу кезінде пайдаланылады.

    Латын Америкасының бірқатар елдерінде (Чили, Колумбия, Сальвадор) ең төменгі кірістілік зейнетақы қорларының тиісті түрлері арасындағы орташа кірістілікке қатысты айқындалады. Егер зейнетақы қорын басқарушы (Administradora de Fondos de Pensiones, AFP) ең төменгі кірістілікті қамтамасыз ете алмаса, айырма қалыптастырылған резервтер (кепілдік резерві) есебінен өтеледі.

    Азияның бірқатар елдерінде де зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігіне қатысты талаптар қолданылады. Малайзияда қызметкерлердің жинақтаушы қоры (Employees Pension Fund, EPF) зейнетақы жинақтарының жылдық номиналды кірістілігіне кемінде 2,5% мөлшерінде кепілдік береді. Сингапурда Орталық жинақтаушы қор (Central Provident Fund, CPF) жылына 2,5%-дан 4%-ға дейінгі ең төменгі номиналды кірістілікті (шоттың түріне қарай)қамтамасыз етеді.

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің іс жүзінде барлығында зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметі мемлекет тарапынан тәуекелге бағдарланған қадағалауға алынып, капиталдың жеткіліктілігіне, резервтерді қалыптастыруға, тәуекелдерді басқару жүйесіне және клиенттердің активтерін инвестициялық басқарудың кәсіби стандарттарын сақтауға қатысты қатаң талаптар қойылады.

    Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйелері дамыған сайын негізгі басымдық тиімді реттеуге, тәуекелге бағдарланған қадағалауға, сондай-ақ салымшылардың құқықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге қарай ауысып келеді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі де осы бағытта дамып келеді. Еске сала кетейік, заңнамалық өзгерістер азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Салымшы әртүрлі инвестициялық стратегиялар мен портфельдерді ұсынатын бір немесе бірнеше басқарушы компанияны өз бетінше таңдап, өзінің жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін олардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

    Инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру шараларының іске асырылуымен бірге зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері де өзгеруде. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің кепілдігі БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттің негізгі міндеттемелері зейнетақының мемлекеттік құрамдас бөлігінің (базалық және ынтымақты зейнетақылардың) жеткіліктілігін сақтауға шоғырландырылады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    [1] Who we are | Pension Benefit Guaranty Corporation

    [2] https://www.ppf.co.uk/?utm

    Жүктеу
    55a1aa3c1e01e09db205ba887a3e352b_original.71990.docx
    DOCX · 70 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жөніндегі 10.08.2026 жылы жоспарланып, өткізілген №5 аудандық жер комиссиясы отырысының қорытындысы

    № Лот атауы Жер учаскесінің жалпы ауданы, алап түрі Жеңімпаздың аты-жөні 1 №1 лот Біржан а/о 15,2 га егіндік Мухаметкалиев Кайрат Закиевич 2 №2 лот Қаратал а/о 38,5 га егіндік Нүргеніш Қайырбек 3 №3 лот а/о Қаратал а/о 1...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елде...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН ҚҰРАМЫ

    № 597 учаскеліксайлаукомиссиясының ҚҰРАМЫ Сарытерек ауылы, Шөкей Сәкібаев көшесі, 1, «Сарытерекорта мектебі» КММ Төрайымы:Турабаева Риза Юрьевна Орынбасары:Мейрбаев Мади Канатович Хатшысы:Қуанышбекқызы Мадина Комиссия мү...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жөніндегі 29.06.2026 жылы жоспарланып, өткізілген №4 аудандық жер комиссиясы отырысының қорытындысы

    № Лот атауы Жер учаскесінің жалпы ауданы, алап түрі Жеңімпаздың аты-жөні 1 №1 лот Біржан а/о 48,3 га егіндік Смагулов Асет Жунисханович 2 №2 лот Біржан а/о 92,8 га жайылым Шакенова Лаззат Кызылбаевна 3 №3 лот Біржан а/о...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвест...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР 1.Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарыменне болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА

    «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-і, 2026 жылы 22 шілде күні сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскелерін жеке меншікке сату бойынша gosreestr.kz сайтында өткізген электронды аукцион нәтижесі. № Жер учаск...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды: